Жаңа оқу жылындағы тоқсандар мен каникулдардың мерзімі бекітілді

Құжат бойынша, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, орта білім беру ұйымдарында 2021-2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникулы кезеңдерінің мынадай мерзімдері айқындалды:

 

1) Жаңа оқу жылы әдеттегідей 2021 жылғы 1 қыркүйекте басталады.

2) Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 аптаға, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 аптаға жетеді.

Каникул кезеңдері: Бүкіл сыныптарда — күзгі каникул – 7 күн (2021 жылғы 1-7 қараша аралығында),

— қысқы – 11 күн (2021 жылғы 30 желтоқсан мен 2022 жылғы 9 қаңтар аралығында),

— көктемгі – 12 күн (2022 жылғы 19-30 наурыз аралығында).

1-сыныптарға арналған қосымша каникул – 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпан аралығында) болып белгіленді.