Биатлоншы Галина Вишневская-Шепоренко із кесу жарысына жолдама алды

Ол ату кезінде бір рет қателесіп, қорытынды есепте 44-ші орын алды. Осы нәтижесінің арқасында із кесу жарысына жолдама алған 60 спортшының қатарына енді.

Биатлоншылар бәсекесінде германиялық Дених Херрман чемпион атанды. Екінші орында франциялық Анаис Шевалье-Буше, үшінші сатыда норвегиялық Марте Олсбю-Ройселанн.

Жарысқа жалпы есебі 86 спортшы қатысты.