Ресей Қазақстанға басып кірмейді – Қорғаныс министрі (ВИДЕО)

Бүгін Мәжіліс отырысынан кейін ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов журналистердің сұрақтарына жауап берді. Ол Қырғыз шекарасында қаза тапқан сарбаз, Батыс Қазақстан облысындағы Ресей әскерінің көліктері туралы сұраққа жауап берді. Сондай-ақ министрден Батыс, Оңтүстік қолбасшылығы секілді деген неге Солтүстік қолбасшылығы жоқ және мемлекеттік тілде қойылған сұраққа неге орыс тілінде жауап бересіз деп сұрадық.

Министр патриот болу үшін қазақ тілін білу маңызды емес екенін айтып, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты еске алды. Шынында отаншыл болу үшін қазақ тілін білу міндет емес пе?