Нұр-Сұлтанда тұрғын үйдің алтыншы қабатына кран құлады

Нұр-Сұлтан қаласының Сығанақ көшесінде орналасқан тұрғын үйдің алтыншы қабатындағы пәтердің терезесіне автокранның ілгегі құлды. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Alashorda.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған видеодағы оқиғаның шынымен елордада болғанын қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі растады.

«28 сәуір күні сағат 14.26-да Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының бөлімшелері 4 адам, бір техникадан жасақталған құраммен Сығанақ көшесі 2А мекенжайына шықты.

Оқиға орнына жеткен бойда 6-қабаттағы пәтердің терезесіне автокранның ілгегі құлағаны белгілі болды. Аталған орынға өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің мамандары жіберілді. Зардап шеккендер жоқ.

Толық ақапарат лау үшін өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментіне хабарласу керек», — деп жазылған мәліметте.