Бір топ азамат Кәрім Мәсімовты айыптады

Семей қаласындағы «Алел» қаржы-инвестициялық корпорациясында жұмыс істейтін 40-тан астам азамат «Алтын ұрлады» деген айыппен бір жылдан бері түрмеде отыр. Туыстарының айтуынша, бұл істің артында бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов тұр. Қамауда отырған азаматтарының туыстарының күдігі орынды секілді.

Мысалы олар наурызда қамалған туыстарының жаңа жылға дейін хабар-ошар ала алмаған. Тек Қаңтар көтерілісінен кейін іспен танысу мүмкін болған көрінеді. Қаңтар көтерілісінен кейін Кәрім Мәсімовтың қамауға алынғанын ескерсек бұл іске экс-төрағаның қатысы бар секілді.