Оңдасын Оразалин мен Архимед Мұхаметов сыбайлас па? (Видео)

0 238

Ақтөбе облысындағы темір бетон бұйымдарын шығаратын «ЖБИ — 25» зауытының қожайыны Ерболсын Көшербаев «Салық төлемеді» деген желеумен 5 жылға сотталған болатын. Ал кәсіпкердің қызы Анар Төлебаева болса, салық толықтай төленгенін, бұл істің артында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхаметов тұрғанын айтады.

Жалпы бұл істен Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин хабардар ма? Ақтөбе облысының әкімі аймақтағы ең ірі зауыттың жағдайына қатысты «Ештеңе білмеймін» деп құтылды. Алайда сұрақ қойған кезде күлімдеп тұрған әкім «Зауыттың қожайыны істі болып түрмеде жатыр» деген сөзді естіген кезде шошып кетті. Ерболсын Көшербаевтың қызы Анар Төлебаева мұның бекер емес екенін, себебі зауыттың жағдайымен облыс әкімшілігі таныс екенін айтады.

Анар Ерболсынқызының айтуынша, 1996 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан зауыт осы жазда жабылуы мүмкін. Ал облыс әкімі Оңдасын Оразалин болса, 100-ден астам адамды жұмыспен қамтып отырған зауыттың жағдайына алаңдамайтын секілді. Соған қарағанда ол әріптесті Архимед Мұхаметовке көмектесіп отырған секілді. Айтпақшы Қостанай облысы әкімінің бұл іске қандай қатысы бар екенін келесі жолы айтатын боламыз.

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.