Сұлтанғазиев ағасы облыс әкімі болғаннан кейін қызметінен кетті

0 66

Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі өз еркімен жұмыстан кетті, деп хабарлайды alashorda.kz сайты.

«Қуат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Еңбекшіқазақ ауданының әкімі қызметінен өз кетті», — делінген Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Қуат Елеусізұлы Сұлтанғазиев аталған ауданға басшы болып биыл ақпан айының 18-і күні тағайындалған болатын.

Қуат Елеусізұлы Сұлтанғазиев 1975 жылы туған. Білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Салық басқармасының инспекторы, бас инспекторы болып бастаған.

Бүгін Қуат Елеусізұлының ағасы Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалған болатын. Осыған байланысты ол Алматы облысына қарасты Еңбекшіқазақ ауданының әкімі лауазымынан бас тартып отыр.

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.