СҚО дәрігерлері Түркияға шұғыл көмек көрсету үшін ұшады

Түркиядағы зілзаланың салдарымен күресуге Солтүстік Қазақстан облысынан бес дәрігер аттанады. Олардың барлығы жоғары санатты білікті мамандар, деп хабарлайды Alashorda.kz сайты  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

СҚО ішкі саясат басқармасының мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысы басқа өңірлер сияқты бауырлас халыққа көмек көрсету үшін медициналық мамандарды жібермек. Оған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркиядағы жойқын жер сілкінісінің зардаптарын жоюға шұғыл көмек көрсету тапсырмасы негіз болған.

«Біздің облыстан Түркияның зардап шеккен аймақтарына бес дәрігер аттанады. Олар жоғары санатты дәрігерлер: дәрігер-хирург — Руслан Абетов, дәрігер-реаниматолог – Сергей Ишин, ортопед-травматолог – Евгений Никонов, екінші санатты дәрігер-нейрохирург – Максим Задворный және жалпы практика дәрігері – Нияз Әбдірақымов», — делінген баспасөз хабарламасында.