Словения мен Данияға қарсы кімдер ойнайды?

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ СЛОВЕНИЯ ЖӘНЕ ДАНИЯМЕН ӨТЕТІН МАТЧТАРҒА ШАҚЫРЫЛҒАН ОЙЫНШЫЛАРЫНЫҢ КЕҢ ТІЗІМІ

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Словения (23 наурыз) және Дания (26 наурыз) құрамаларымен өтетін матчтарға шақырту алған ойыншылардың тізімін жариялады.

Жалпы тізімге 32 футболшы енді.

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»), Стас Покатилов («Ақтөбе»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов, Ғафуржан Сүйімбаев («Ордабасы»), Александр Марочкин, Бағдат Қайыров (екеуі де – «Тобыл»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Абзал Бейсебеков, Михаил Габышев, Тимур Досмағамбетов (барлығы – «Астана»), Талғат Кусяпов («Каспий»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Ян Вороговский («Моленбек», Бельгия), Лев Скворцов («Химки», Ресей);

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Эльхан Астанов («Ордабасы»), Бақтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Рамазан Оразов («Ақсу»), Исламбек Қуат, Аслан Дарабаев, («Астана»), Максим Самородов, Арман Кеңесов («Ақтөбе»), Ислам Чесноков («Тобыл»);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов, Владислав Прокопенко (екеуі де – «Астана»), Артур Шушеначев («Қайрат»), Абылайхан Жұмабек («Ақтөбе»), Айбар Жақсылықов («Ордабасы»);

Жаттықтырушылар штабы: Магомед Адиев – бас бапкер, Евгений Коструб – бас бапкердің көмекшісі, Руслан Балтиев – бас бапкердің көмекшісі, Валерий Ситало – қақпашылардың жаттықтырушысы, Ерлан Ибраим – дене даярлығы жаттықтырушысы, Амаль Сыздықов – сарапшы бапкер.

Оқу-жаттығу жиыны 16 наурызда басталады. Ойыншылардың нақты тізімі кейін белгілі болады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы наурыз айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде екі матч өткізеді. 23 наурыз күні Магомед Адиев командасы Словенияны қабылдайды. Ойын елорда уақытымен 21:00-де басталады. Үш күннен кейін біздің құрама Даниямен ойнайды. Кездесудің басталуы 19:00-ге жоспарланған. Екі матч та «Астана Арена» стадионында өтеді.

Ойынға билеттерді Ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады. Билеттердің бағасы 1500 теңгеден басталады.

БАҚ өкілдеріне арналған аккредитациямен осы жерден танысғуа болады.