Қор нарығында доллар бірден 9,65 теңгеге қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Alashorda.kz сайты.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысына сәйкес доллар 9,65 теңгеге қымбаттап, 456, 66 теңге болды.
Ұлттық банктің 13 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 445, 98 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,87 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 455 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 459 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 454 теңгеден болса, сатып алу құны – 457 теңге.
Ресей рублі 5,75 — 5, 05 теңге аралығында саудаланып жатыр.