Руслан Сыздықов ауыл тұрғындарымен кездесті

Руслан Сайанұлының айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл әкімдерін сайлау туралы шешімі өте маңызды қадам. Сондай-ақ ол саяси науқанның Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен қатар келіп отырғанына ерекше назар аударды.

«Ауыл әкімдерін сайлау өзін өзі басқаруға мүмкіндік береді. Халық өзі бірігіп, әрекет ектен жағдайда ғана ауылдың түйткілді мәселелері шешіліп, дамудың даңғыл жолына түседі. Сондықтан мен ауыл әкімдерін сайлау өте маңызды деп білемін.

Өздеріңіз жақсы білесіздер Шалқар аулында түйткілді мәселе шаш етектен. Бірақ біздің ауылдағы мәселе еліміздегі өзге де елдіменінде бар екені жасырын емес.  Егер мені қолдап, дауыс берсеңіздер, ауылдағы жағдайды өздеріңізбен бірге ақылдасып шешуге күш саламын. Себебі туып өскен ауылымның әлеуметтік жағдайын түзеу азаматтық парызым деп білемін. Елімізде халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар өте көп. Өзім заңгер болғандықтан «Еңбек» бағдарламалырдың қыр-сырын жақсы білемін. Міне осы бағдарламаларды халыққа түсіндіріп, жеңілдетілген несие алу өте маңызды. Сондықтан да мен халықтың мемлекеттік бағдарламардың иглігін көрсетсем деп алдыма жоспар қойып отырмын», – деді кандидат.

Ал кандидаттың сенімді өкілі Бибігүл Алпысбайқызы Руслан Сыздықовты бұрыннан білетінін, сондықтан да ауыл тұрғындарының дұрыс таңдау жасауға шақырды.

«Қазіргі таңда халық билікке жастар келгенін қалап отыр. Өйткені жастар жасы келген азаматтар секілді ескі көзқараста болмайды. Ауылдың тұралап қалған мәселесін көзінде оты бар Руслан секілді жалынды жастар шеше алады. Бұл бір. Екіншіден өздеріңіз жақсы білесіздер Руслан Сайанұлы заңгер мамандығын бітірген білікті азамат. Заңгер мамандығы құжаттармен жұмыс істеген кезде ғана емес, мемлкеттік бағдарламаны түсіндіруде де өте маңызды. Өкінішке қарай көптеген әкімдер мемлекет тарапынан халыққа беріліп жатқан жеңілдіктерді білмейді. Егер ауыл әкімі мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін халыққа қарапайым тілмен түсіндіріп берсе, онда халық жеңілдетілген пайызбен несие алар еді. Менің ойымша, заңгер ретінде Руслан Сыздықов халыққа пайдалы жобаларды зерттеп, Шалқарлықтарға пайдалы жұмыс істейді. Сондықтан да барша ауыл тұрғындарын Руслан Сайанұлына дауыс беруге шақырамын.

Үгіт-насихат барысында Руслан Сыздықов ауылдың мешітіне кіріп, имамның батасын алды. Ауыл имамы жас жігітке ақ жол тілеп, алдағы сайлауда абыройлы өткізуге ниеттестік білдірді.