Тимур Сүлейменов: Базалық мөлшерлемені кез келген уақытта өзгертуіміз мүмкін

Әлем экономикасындағы жағдай мен Қазақстанның өз ішіндегі ахуал күрт өзгерсе бүгін қабылданған базалық мөлшерлеме кенет өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды Kazinform сайты.
– Әлем экономикасындағы конъюнктура күрт өзгерсе сыртқы және ішкі сын-қатерлер іске асқан жағдайда Ұлттық банктің ақша-кредит саясат жөніндегі комитеті базалық мөлшерлеме бойынша кезектен тыс шешім қабылдауға хақылы. Бұл комитет әлем нарығындағы ахуалды мұқият бағып, оның біздегі инфляция процестеріне ықпалын бағалап отырады, – деді Тимур Сүлейменов.
Сондай-ақ әлем экономикасындағы қазіргі жағдай теңгемен сақталған депозиттердің көлеміне қалай әсер ететіні туралы пікір білдірді.
– Былтыр қараша айының аяғы мен желтоқсан айында теңгеге қысым көп болды. Кейбір сарапшылар осы кезде теңгемен сақтаулы депозит иелері долларға көшеді деген қауіптерін айтып жатты. Бірінші тоқсанның статистикасын көріп отырмыз. Адамдардың теңгеге деген сенімі сол күйінде. Оның үстіне теңгемен сақталатын депозиттердің пайыздық мөлшерлемесі де ақылға қонымды – инфляцияның кері әсерін жауып кетіп жатыр. Бұл азаматтарға ақшасын құнсызданудан сақтауға көмектесіп отыр. Сондықтан да депозиттердің долларсыздану деңгейі 22,5% деңгейінде. Бұл тарихи көрсеткіштердің ең төменгі шегіне жақын. Сондықтан қазақстандықтар ұлттық валютаға сенім артатынын сандардың өзі көрсетіп тұр. Адамдар ақшасын теңгемен сақтап отыр, – деді Тимур Сүлейменов.
Фото: Виктор Федюнин