Гимнаст Милад Карими Әлем кубогының финалына жолдама алды

Спорттық гимнастикадан Хорватияның Осиек қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасының өкілі Милад Карими финалға шықты.
Айта кетейік, бұған дейін ол еркін жаттығулар бағдарламасы бойынша да финалға өткен болатын. Ал ат снарядындағы жаттығуларда Нариман Құрбанов пен Зейнолла Ыдырысов жүлде үшін күреседі.
Финалдық бәсекелер 12-13 сәуір аралығында өтеді.