Алматы маңында пойыз екі адамды басып кетті

Оқыс оқиға кеше Ақсеңгір-Бурундай аралығының Отар — Алматы — 1 учаскесінде болған, деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі.

2025 жылғы 23 маусымда сағат 19:10–да Ақсеңгір-Бурундай аралығының Отар — Алматы — 1 учаскесінде пойыз машинисі екі адамның темір жолға кенеттен шығуына байланысты шұғыл тежеуді қолданды. Олар локомотив сигналдарына назар аудармады.

— Қашықтықтың қысқалығына байланысты басудың алдын алу мүмкін болмады. Оқиға туралы Алматы-1 станциясының ЖПБ-ға хабарланды. Оқиға орнында құзыретті қызметтер жұмыс істеп жатыр. Тергеу жүргізілуде, — делінген ведомство хабарламасында.
ҚТЖ темір жолдарында болу ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады. Темір жолы — қауіптілігі жоғары аймақ.