Ауыл шаруашылығының нақты көлем индексі 101,5%-ға орындалды – Жалғас Мұртаза

Жуалы ауданының әкімі Жалғас Мұртаза ауданның қаңтар-мамыр айларындағы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы баяндады, деп хабарлайды Аlashorda.kz ақпараттық агенттігі.

«Ауданның жалпы өңірлік өнімі 2025 жылдың 5 айында 19234 млн.теңгені құрап, 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (18770,7 млн.теңге) 2,4%-ға өсіп отыр. Қаңтар-мамыр айларында өнеркәсіп көлемі 7789,6 млн. теңге көлемінде немесе нақты көлем индексі 97,4%-ға орындалып отыр. Қаңтар-маусым айларында өнеркәсіп көлемі болжаммен 8000,0 млн.теңге көлемінде немесе 100,0%-ға орындалуы күтілуде.

Аудан аумағында тау кен өндірумен айналысатын «Қалнұр» ЖШС және “ЖамбылДормоСтрой Сервис” ЖШС құм өндірумен айналысатын кәсіпкерлер бар, аталған кәсіпкерлердің белгіленген мөлшері өткен жылдан төмен болуы сұраныстың аз болуына байланысты», – дейді ол.

Аудан әкімінің айтуынша, ауыл шаруашылығында нақты көлем индексі қаңтар-мамыр айларында 101,5%-ға немесе 7754,9 млн. теңге көлемінде орындалған. Оның ішінде мал шаруашылығына 101,5% немесе 7685,0 млн. теңге болса, ал өсімдік шаруашалығына 69,9 млн теңге немесе 100,0% құрады. Ал қаңтар-маусым айларында 10290 млн. теңге көлемінде орындап нақты көлем индексін 101,6%-ға жеткізу жоспарланып отыр.