ШҚО-дағы стационарларда жатқан 20 адамның жағдайы ауыр

2 ақпан, 2022 / Alashorda

Шығыс Қазақстан облысындағы стационарларда коронавирустан емделіп жатқан 20 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды Alashorda.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде бір күнде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 265 адам тіркелді. Оның ішіндегі 226 науқаста симптом бар болса, 39 адам сырқатты симптомсыз өткеруде.

«Соңғы тәулікте 32 пациент коронавирустан толықтай сауығып шықты. Қазіргі уақытта облыс бойынша стационар жағдайында 372 науқас ем-дом қабылдап жатыр. Оның ішінде 20 адамның жағдайы ауыр. Жалпы Шығыс Қазақстандағы стационарларда төсек-орын жүктемесі – 19,2 пайыз», – делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Қазақстанда өткен тәулікте 7149 адамнан коронавирус анықталғаны хабарланған.