Ұлттық тестілеу орталығының деректерін көшіргені үшін Оралдың екі тұрғыны сотталды

25 мамыр, 2024 / Alashorda

Ұлттық тестілеу орталығының қызметіне заңсыз араласқан Орал қаласының екі тұрғыны сотталды.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, Орал қаласы сотының үкімімен ҚР Қылмыстық кодексінің 206, 250 және 198-баптарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін аталған екі азаматтың әрқайсысы 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

«Сондай-ақ олар коммерциялық ұйымдарда 5 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Үкім шығаруға ҰҚК-нің іс жүргізу материалдары негіз болды. Анықталғандай, сотталушылар 2021-2022 жылдары Қазақстан Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының заңмен қорғалатын ақпаратына қол жеткізіп, көшірген. Үкім заңды күшіне енді», – деп хабарлады ведомстводан.