Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 444 – 449 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 7 маусым ресми бағамы — 1 долларға 446,89 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 5,04 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 444 – 449 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар 446,9 – 448,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,95 – 5,05 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 6 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,68 теңгеге төмендеп, 446,90 теңге болған.