Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 471 – 475 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 16 шілдеге арналған ресми бағамы – 1 долларға 472,49 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,41 теңге.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 471 – 475 теңгеден сатылып жатыр.
Ал, Алматыда доллар 472,7 – 474,9 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,25 – 5,37 аралығында саудаланып жатыр.