Бүгінгі доллар бағамы қандай

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 474– 479 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 475,1 — 477,3 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Астанада доллар бағамы 474 – 479 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 22 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 478, 58 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5, 44 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,27 — 5,39 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 5,25 -5,4 теңгеден сатылуда.

Айта кетейік, 19 шілде кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,03 теңгеге қымбаттап, 478, 28 теңге болған.