Мемлекет басшысы Жозеп Боррельмен кездесті

1 тамыз, 2024 / Alashorda

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Одағының Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуропалық Комиссияның вице-президенті Жозеп Боррельмен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесуде тараптар Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.

Фото: Ақорда

Сонымен қатар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, атап айтқанда Орталық Азия елдерінің өзара ықпалдастығы жөнінде пікір алмасты.