V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын шабандоздар іріктелді

11 тамыз, 2024 / Alashorda

Алматы ипподромында қалалық Спорт басқармасының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдында бәйгеден іріктеу кезеңі өтті.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген шабандоздар Алматыда бәйгенің 4 түрі бойынша бақ сынады. Жарысқа «Құнан бәйгеден» 27 сәйгүлік, «Топ бәйгеден» 46, «Аламан бәйгеден» 39, ал «Жорға бәйгеден» 11 сәйгүлік қатысты. Жарыстың жалпы жүлде қоры – 16,5 миллион теңге.

Фото: Алматы қаласы Спорт басқармасы

«Құнан бәйгеде» Алматы облысынан келген Абзал Тұрғанбек мәреге бірінші, Алматы облысының тағы бір шабандозы Ділнұр Нұрмұқаш екінші, алматылық Абзал Тұрмыс үшінші жетті. «Құнан бәйгенің» үш қатысушысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысуға жолдама алды.

«Аламан бәйгеде» бірінші орын Жетісу өңірінің шабандозы Әлихан Болатханұлына, екінші орын Жамбыл облысынан келген Мұратхан Арнатқа, үшінші орын Мәди Жолшыбекке бұйырды.

Фото: Алматы қаласы Спорт басқармасы

«Топ бәйгеде» астаналық Арнат Мұратхан мәреге бірінші болып жетті. Екінші орынды Алматы облысының шабандозы Абзал Тұрмыс, үшінші орынды астаналық Исламнұр Ертөс иеленді.