Астанаға Тәжікстан президенті келді

28 қараша, 2024 / Alashorda

Астана қаласына Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон келді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Астанада өтетін ҰҚШҰ саммитіне қатысады.

Еске салсақ, бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы өтеді. Жиында аймақтық және халықаралық қауіпсіздіктің негізгі мәселелері талқыланады. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады.