Дзюдодан жаңа маусымдағы алғашқы ірі халықаралық жарыс Францияның Париж қаласында өтетін Grand Slam сериясының кезеңі болмақ.
Қазір Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте 12 орында тұр. Жинаған ұпай саны – 87 541.
Көш басында Жапония (219 217 ұпай). Екінші орында Франция (184 924 ұпай). Үшінші орынды бейтарап тудың астында өнер көрсететін спортшылар иеленуде (114 452 ұпай).