Айта кетейік, фристайлшылар Азия ойындарының тарихында тұңғыш рет жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Алтын жүлде үшін тартыста олар Қытайдың әлемдік деңгейдегі спортшыларын басып озды.
Шорт-трекшілер де тарихи жетістікке қол жеткізді. Бұған дейін Қазақстан бұл спорт түрінен ешқашан Азия ойындарының алтынын алмаған. Ал ерлер хоккей құрамасы бұл жарыста бесінші рет чемпион атанып отыр.
Харбинде күміс жүлдені Евгений Кошкин (конькимен жүгіру спорты), шорт-тректен әйелдер және аралас командалар, хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы, шаңғышы Константин Борцов, шаңғы жарысынан әйелдер құрамасы, биатлоншы Вадим Куралес, биатлоннан ерлер құрамасы және аралас командалар арасындағы фристайлшылар иеленді.
Сурет: Сали Сабиров, Нұрғали Жұмағазы, Тұрар Қазанғапов. Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі.