Алаяқтардан абай болыңыз: киберқауіптерден қалай сақтануға болады

14 наурыз, 2025 / Alashorda

Қазақстанда интернет алаяқтарының саны артып келеді. ҚР ІІМ дерегінше, соңғы бір жылда киберқылмыскерлер қазақстандықтардан миллиардтаған теңгені жымқырған. Киберқауіптерден қалай қорғануға болады және алаяқтарға алданып қалмас үшін не білу керек? Алаяқтықтың негізгі тәсілдері мен олардан қорғанудың тиімді жолдары туралы МТАЖО Ақпараттық технологиялар инженері Олжас Ибраев әңгімелеп берді.

  1. Фишинг: күмәнді сілтемелер арқылы өтпеңіз

Фишинг – кибералаяқтықтың ең көп таралған тәсілдерінің бірі. Алаяқтар банктер, маркетплейстер немесе мемлекеттік қызмет көрсететін органдардың ресми парақшаларына ұқсайтын жалған сайттарға апаратын сілтемелерді хат не хабарлама түрінде жолдайды.

Қорғану жолы қандай:

KZ-CERT сайтының жаңалықтарын оқып жүруге кеңес береміз

  1. Телефон алаяқтары: «банктен» хабарласушыларға сене бермеңіз

Алаяқтар банк не полиция қызметкерлері атынан қоңырау шалып, заңсыз операциялармен қорқытады және ақшаны «қауіпсіз шотқа» аударуды талап етеді.

Қалай сақтануға болады:

Кеңес: eGov ресурсында «Стоп кредит» қызметін қосып алыңыз, ол алаяқтардың шотына ақша аударудың және сіздің хабарыңызсыз несие рәсімдеу мүмкіндігінің алдын алады.

ҚР ІІМ ресми ескертулері

  1. Жалған инвестициялар: батпан құйрық жерде тегін жатпайды

Алаяқтар криптовалюта, стартаптарға инвестиция құю немесе «эксклюзивті акциялар» арқылы тез табыс табуды ұсынады. Әдетте, мұндай тәсілдер қаржылық пирамидалармен байланысты.

Қалай қорғануға болады:

  1. Аккаунтты бұзу: Әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қорғау

Алаяқтар көп жағдайда Instagram, WhatsApp және Telegram аккаунттарын бұзып, оның иесінің таныстарынан ақша сұрайды.

Сақтану жолы қандай:

Кеңес: өз аккаунттарыңызда резервтік байланыс тәсілін қосып қойыңыз, бұл аккаунтты тез кері қайтаруға мүмкіндік береді.

  1. OLX және маркетплейстердегі алаяқтықтар

Кең таралған тәсілдер:

Қорғану жолдары:

Біздің жаңалықтарымызды оқып, қауіпсіздігіңізді күшейтіңіз.

Кибералаяқтық – үлкен қауіп, алайда қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтау арқылы олардың құрбаны болудың алдын алуға болады. Мұқият болыңыз, күмәнді сілтемелер арқылы өтпеңіз, интернеттегі таныс емес адамдарға сенбеңіз және киберқауіпсіздік бойынша біліміңізді ұдайы жетілдіріп отырыңыз.

Өз мәліметтеріңізге абай болып, алаяқтарға алданып қалмаңыздар!