Адам ұрлауға қатысы бар: ҚТЖ-ның экс-директорына іздеу жарияланды

11 қыркүйек, 2025 / Alashorda

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында ҚТЖ-ның экс-директоры Марат Әмзеевке іздеу жарияланғаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Әмзеев 1975 жылы туған туған. Ол 2012 жылы ҚТЖ-ның Ресурстық қамтамасыз ету дирекциясы филиалын басқарған.

Астана қаласының Байқоңыр ауданының полиция басқармасы Марат Әмзеевті іздестіруде.

Орда.кз сайтының хабарлауынша, Әмзеев 12 жыл бұрын бизнес-серіктесін ұрлап кетті, азаптады деген ақпарат тараған. «Время» газеті ол уақытта Астананың орталығында Қызылордалық кәсіпкер Әбдіжаппар Қожахметовтің ұрланғанын жазды. Жәбірленуші осы оқиғадан кейін әпкесінің пәтері мен көлігін басқа біреуге жазып беруге мәжбүр болған.

Кәсіпкер Қожахметовтің айтуынша, оны ұрлауға тапсырыс берген – дәл сол Марат Әмзеев болған. Себебі ол жәбірленушіге 128 миллион теңге қарыз болған.

Қазіргі уақытта полиция бұл іс бойынша ақпарат беруден бас тартты.