Айдарбек Қожаназаров Respublica партиясының төрағасы болып қайта сайланды

Бүгін, 11:42 / Alashorda
Айдарбек Қожаназаров Respublica партиясының төрағасы болып қайта сайланды

«Respublica» партиясыныңкезектен тыс V Съезінде делегаттар партия ТөрағасыАйдарбек Қожаназаровтың өкілеттік мерзімін үшжылға ұзарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Съезд барысында сөз сөйлеген партияның өңірлікфилиалдарының өкілдері Айдарбек ҚожаназаровтыңRespublica партиясының қалыптасуы мен дамуынақосқан үлесін атап өтті. Оның жетекшілігімен партия үш жыл ішінде еліміздің барлық өңірінде филиалдықжелісін қалыптастырғаны, кадрлық резерв құрғаны, Парламентте өкілдікке ие болғаны, сондай-ақбірқатар заңнамалық және қоғамдық бастамалардыжүзеге асырғаны айтылды.

Ашық дауыс беру қорытындысы бойыншаделегаттар партия Төрағасының өкілеттік мерзімінұзарту туралы шешімді басым көпшілік дауыспенқолдады.

Дауыс беру нәтижелері жарияланғаннан кейінАйдарбек Қожаназаров делегаттарға көрсеткенсенімі үшін алғыс білдірді.

«Барлық партияластарға сенімдеріңіз бен қолдауларыңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін! Партияның абыройын арттырып, еліміздің игілігіүшін бар күш-жігерімді саламын», – деді партия Төрағасы.

Қабылданған шешім Съезд бекіткен сәттен бастапкүшіне енді.

Respublica партиясы