Кино және театр актрисасы Раиса Мұхамедиярова халық жазушысы Ғабит Мүсіреповпен қалай танысқанын жазады, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.
***
Ғабеңмен алғаш танысып, кездесе бастағанымда қала сыртына жиі шығып жүрдiк. Ғабең өзен жағасын ұнатады екен. Мен де жақсы көремiн. Ғабеңнің жүргізушісі Анатолий шатыр тiгiп, дастарқан жаяды. Iшiп-жеу, әңгiме-дүкен. Кей уақытта «Шамасы, Ғабеңнiң көңiлi жоқ-ау, болса осы кезге дейiн шетiн шығармас па едi» деп те ойлап қоямын. Онысы ұнады, әрине. Бiзде тәрбие басқа едi ғой. Отбасында да, мектепте де қия басу жоқ-ты.
Күндер өтiп жатыр. Ғабең тосын қылық, оғаш мiнез байқатпайды. Не нақсүйер, не жар бол дейтiн ниетi жоғына көзiм әбден жеткендей. Алайда, бұл алдамшы әсер екен.
– Үйiңе кiрейiн, – дедi Ғабең бiр жолы шығарып сала келгенде.
– Жоқ, – деп ыршып түстiм.
Оның бiр себебi, үйiмде бiр үстел, екi орындық, жинамалы темiр кереуеттен бөлек дәнеңе жоқ. Қос бөлме қаңырап бос тұр. Бiрiншi, содан ұялдым. Екiншi, әйелi, бала-шағасы бар кексе адамның басы бос жас қыздың үйiне кiруi қай қағидаға сыяды? Сондықтан сол күннен бастап сейiлге барудан үзiлдi-кесiлдi бас тарттым.
Шоферi күнде келiп есiк қағады. «Не?» деймiн. «Төменде Ғабит Махмұтұлы күтiп отыр». «Уақытым жоқ» деп есiктi тарс жабамын. Ертеңiне де, одан соң да келедi. Бiрнеше рет: «Үйiнде жоқ деңiз» деп керi қайырдым. Келесi жолы Анатолий: «Құдай үшiн өтiрiк айта алмаймын. Шықпасаңыз, барып өз аузыңызбен айтыңызшы» деп жалынғандай болды. Өзiмнiң де бiр ойым Ғабеңе: «Таныстық, бiлiстiк, сол жетер, ендi мазалауды доғарыңыз» демекпiн. Соны айтайын деп Анатолийге iлесiп тысқа шықтым. Ғабең машинаның артқы кабинасында бүкшиiңкiреп отыр екен. Өң-түс жоқ, жүзi солғын, көздерiнiң айналасы қарауытып кеткен. Жадап-жүдеп, мүжiлiп қалған. Қашанда әсем, сәнқой көрiнетiн сабаз ең болмаса шашын да дұрыстап тарамапты. Мүсәпiр халде мөлиiп отыр. Жанарымыз түйiсiп, бiр-бiрiмiзге үнсiз қарастық. Қарастық та ұғыстық, түсiнiскендей болдық. Жүрегiм дүрс-дүрс соға жөнелдi. Буындарым босап, қос тiзем дiр-дiр етедi. Көздерiне ұялаған мұң, айықпас нала, қасiрет табы жүрегiмдi қанжардай тiлiп, өртеп барады.
– Здравствуйте, Габит Махмудович, – дедiм.
– Здравствуй, – дедi ол да басын көтермей, үнi әрең шықты.
Бойыма күтпеген жерден батылдық пайда болды да: «Подвинтесь» деп
жанына отырдым. Жүріп кеттік. Бағыт кәдуілгі өзен жағасы. Fабең бармын
ба, жоқпын ба, ісі жоқ адамша үнсіз мүлгіп отыр. Жеткенше ләм-мим дескен жоқпыз. Ішімнен: «Аз күнде калай жүнжіген, неткен азап бұл? Бәрі мен үшін бе? Рас па, өтірік пе? Осы күнге дейін неге білмей келдім екен?» деп пұшайманмын. Оны ұнатады екенмін. Солай екенін бүгін, осы әлгінде білдім.
Күні бойы демалып, мұнымызды, сырымызды айтып кешке қалаға қайттық. Ғабен есік алдында:
– Үйге кірейін, - деді жұмсақ сөйлеп.
– Болмайды, - дедім бұрынғыша.
Бірақ кіргенін жек керіп тұрган жоқпын. Өйтуге ұят. Бөлмелер бос, жабдықтан
жұрдай. Қалай көрсетемін? Ғабен менімен көбіне орысша сөйлесетін. Сол
әдетімен:
– Тебе придется меня пускать в дом, - деді әзіл-шынын араластыра.
Таңертенгіліктей емес, өңі кіріп, түр-түсі біраз түзелген, ажарлана түскен. Көздері күлімдеп тұр.
– Кіріңіз, - дедім амалсыз.
– Бөлмелер кең, жақсы. Сырттағы ауа да таза, жел соғады екен, - деді Ғабен бөлмелерді аралап шығып.
- Ертеғ Анатолий екеуін дүкенге барып, қандай мебель керек, түгел алыңдар. Қаржы менен, қысылмай-ақ, қой, - деп маңдайымнан сүйді. Бұл бірінші сүюі еді.
Абырой болғанда, қажет мебель тез табыла кетті де, кіргізіп алдық. Сонан соң Ғабеңмен көңілімпіз жарасып, құпия қосылдық. Ол кетіп-кетіп жүрді.