АҚШ бойынша Арнайы өкіл Тоқаевқа G20 саммитіне Қазақстанның дайындығын баяндады

Бүгін, 10:23 / Alashorda
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ бойынша Арнайы өкіл Ержан Қазыханды қабылдады, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Президент өзінің Америка Құрама Штаттарымен екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша келіссөз процесіндегі өкілі Ержан Қазыханды қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен G20 саммитіне қатысу үшін Майамиге жоспарланған алдағы сапарға дайындық барысы баяндалды.

Мемлекет басшысы Қазақстан-Америка кеңейтілген стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту жөнінде нақты міндеттер жүктеді.