Алматы волонтерлері жаңа Конституцияны қолдады

Бүгін, 16:53 / Alashorda

5 наурыз күні Алматы қаласында 2026 жыл – Халықаралық еріктілер жылының салтанатты ашылу рәсімі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Іс-шараға шамамен 450 адам қатысты. Олардың қатарында еріктілер ұйымдарының өкілдері, волонтерлік қозғалыстардың үйлестірушілері, белсенді және «күміс» еріктілер, сондай-ақ серіктес ұйымдар болды.

Іс-шараның форумдық бөлігінде волонтерлік ұйымдар, мемлекеттік құрылымдар және серіктестер арасында ашық пікір алмасу өтті. Қатысушылар еріктілер қозғалысын дамыту бағыттарын және 2026 жылға арналған негізгі міндеттерді талқылады.

Алматы