Алматыда жер сілкінді

Бүгін, 12:27 / Alashorda
Ашық дереккөз

Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сілтеме жасап.

Мәліметтер нақтылануда. Алдын ала ақпарат бойынша сейсмикалық жағдай Алматы қаласында тіркелді. Сезілетіндігі туралы мәліметтер анықталуда.

ҚР ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 23 қазанда Астана уақыты бойынша 12 : 20 жерсілкінісі тіркелді.

Жерсілкінісі ошағы Қырғызстан аумағында

Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 136 км. жерде орналасқан.

Жерсілкінісінің координаттары : 42.032 с.е.76.784 ш.б Тереңдік 10 км.

Жер сілкінісінің сезілуі (MSK-64 шкаласы бойынша):
Есептік қарқындылығы: сезілген жоқ.

Бқған дейін тұрғындарға қауіпсіз жерлерді паналауға және дүмпулер басылғаннан кейін ғимараттардан қауіпсіз қашықтыққа эвакуациялануға кеңес берілген.

— Назар аударыңыз! Жер сілкінісі! Қауіпсіз жерлерді паналаңыз. Дүмпулер аяқталғаннан кейін ғимараттан қауіпсіз қашықтыққа эвакуациялаңыз. Уәкілетті органдардың нұсқауларын мұқият қадағалаңыз, — делінген ескертуде.

Сонымен қатар, қосымша ақпараттың Алматы әкімдігі мен Төтенше жағдайлар департаментінің ресми сайттары мен әлеуметтік желілерінде жарияланатыны айтылған.

Хабарлама мемлекеттік және орыс тілдерінде таратылды. 

Кейінірек ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС Алматыда жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады.

Жер асты дүмпуінің сезілгені жөніндегі ақпарат нақтыланып жатыр.