Алтын бағасы 68%-ға өсті

23 желтоқсан, 2025 / Alashorda

Алтынның әлемдік нарықтағы бағасы тағы бір тарихи рекордты жаңартып, бір унциясы 4400 АҚШ долларынан асты, , деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Жыл басында алтынның бір унциясы 2600 доллар тұрған. Алайда Дональд Трамп енгізген импорттық баж салығы және мөлшерлемелердің төмендеуі мүмкін деген болжам инвесторларды алтын сияқты сенімді активтерге және басқа да ұқсас биржалық тауарларға бет бұрғызды.

Осылайша, биыл алтын бағасы 68%-ға өсті. BullionVault сауда алаңының талдау бөлімінің басшысы Эдриан Эштің айтуынша, бұл — 1979 жылдан бергі ең жылдам жылдық өсім.

Дүйсенбі күні басқа да қымбат металдардың бағасы өсті. Күміс бағасы да алтын секілді жаңа рекорд орнатып, бір унциясы 69,44 долларды құрады.

Эштің сөзінше, биыл алтын бағасының өсуіне пайыздық мөлшерлемелерге, соғыстарға және саудаға байланысты «баяу трендтер» әсер еткен.

- Қымбат металлдар нарығы президент Трамп белгілі бір процесті іске қосқанын айқындап отыр — соның салдарынан алтын бағасы шектен тыс өсті. Сауда соғыстары бар, Федералдық резервке қысым бар, геосаяси шиеленіс бар — осы арандатулардың барлығы Трамптан шығып отыр, — деді Эш.

алтын күміс қымбатшылық қымбат металлдар