AMANAT пен «Әділет» бірігетіні ресми жарияланды

Бүгін, 16:06 / Alashorda
Коллаж: orda.kz

AMANAT партиясының депутаттары «Әділет» партиясымен бірігу бастамасын қолдады. Бұл туралы AMANAT партиясының XXVI съезінде белгілі болды, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Партия төрағасы Ерлан Қошанов саяси бірлестік партия дамуының жаңа кезеңін білдіретінін айтты.

Оның сөзінше, партия алдағы уақытта жаңа даму бағытына бет бұрып, қоғам мен мемлекет сұранысына сай өзгерістерді жалғастырады. Сондай-ақ Қошанов өткен кезеңмен байланысты қоғамдық пікірлердің әлі де сақталып отырғанын атап өтті.

«Елімізге жаңа бөліну сызықтары емес, керісінше біріктіретін жаңа мүмкіндіктер қажет. Сондықтан күш-жігеріміз бен ресурстарымызды біріктіріп, ортақ мақсат жолында жұмыс істеуіміз керек», – деді партия төрағасы.

Оның айтуынша, AMANAT әрдайым «өзгеріс өзімізден басталады» қағидатын ұстанып келеді және бұл қадам уақыт талабына, мемлекет мүддесіне әрі қоғам сұранысына сай қабылданып отыр.

Аманат Әділет Партия Қожанов Съезд