Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында 83 жастағы Амантай қажы Асылбекке қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.
Амантай қажы ғимараттың кіреберісінде бір әйелді баспалдақтан итеріп жібергені үшін айыпталып отыр.
Бастапқыда оған ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы бойынша ("денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру") айып тағылған. Кейін іс ҚК-нің 114-бабының 3-бөлігіне ("абайсызда ауыр зиян келтіру") қайта сараланған.
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі тараптардың татуласуына және жәбірленушіге материалдық әрі моральдық шығынның өтелуіне байланысты іс жүргізу тоқтатылғанын хабарлады.