Әнші Мейрамбек Бесбаев дүркіретіп той жасады

24 қыркүйек, 2025 / Alashorda

Әнші Мейрамбек Бесбаевтың отбасында дүркіреген той өтті, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Кенже қызы Айзияның бір жасқа толған туған күнін атап өтіп, тұсауын кесті.

"Аллаға шүкір тойымызды аман-есен өткізіп алдық. Барша құттықтап келген жандарға мың алғыс..." , - деп жазды әнші өзінің instagram парақшасынада. 

Өнер иесі қуанышына жақындарын, әріптес, достарын шақырған. 

Бүлдіршіннің тұсауын Сәкен Майғазиевтің жары Динара Майғазиева кескен.