Астанада сарапшылар Тұрақты даму мақсаттарының іске асырылуы талқыланды

Бүгін, 15:13 / Alashorda
Астана қаласы әкімдігі

Елордадағы Эко-хабта қаладағы Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізу және оларды іске асыру бойынша мониторингке арналған бірқатар іс-шара өтті, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шаралар төрт кезеңнен тұрды. Бірінші кезең аясында белсенділер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне арналған воркшоп ұйымдастырылды.

Спикерлер қоғамдық ұйымдардың өз бастамаларын күшейту үшін мемлекетпен және қоғаммен қалай өзара әрекеттесу керектігін түсіндірді. ҮЕҰ мен мемлекеттік органдардың өкілдері ортақ мәселелерді талқылап, даму нүктелерін айқындады.

Екінші кезең практикалық бөлім болды және нақты кейстерге арналды.

Қатысушылар әлеуметтік жобалардың мысалдарын талдап, олардың кеңеюіне кедергі келтіретін факторларды атап өтті. Сонымен қатар өз идеяларын ұсынды.

Одан кейін Тұрақты даму мақсаттары контекстінде өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жаңа идеяларды қоғам талқылауы өтті.

Қорытынды бөлімде «Астанада Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу және іске асыру» жобасының нәтижелері талқыланған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

«Мен Астанада күміс волонтермін. Бүгінгі кездесу тақырыбы өте өзекті әрі қызықты. Бұл бағытпен мен көптен бері айналысып келемін. Менің міндетім – бүгін алған барлық ақпаратты біздің күміс волонтерлеріміз бен университеттің мүшелеріне жеткізу. Біз мұндай іс-шараларға алғаш рет қатысып отырған жоқпыз. Ұсынылған бағыттарды қарап, өзімізге қолайлысына белсенді түрде атсалысуға тырысамыз. Әрбір азамат өзі қатыса алатын және қатысқысы келетін экологиялық бағытты табуы керек деп ойлаймын. Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға арналған осындай іс-шаралар дәл осыған ықпал етеді. Бұл – дұрыс жол деп санаймын», – деді «Үздіксіз білім беру» қорының директоры Гүлбаршын Қасыманова.

Бұл күннің ерекшелігі – бір үстел басына әр буын мен әртүрлі саланың өкілдері жиналды. Әрқайсысының айтары болды.

Іс-шара елорда әкімдігінің қолдауымен өтті.

Эко-хаб Тұрақты даму мақсат