Астананың бір бөлігі жаңа жұмыс кестесіне ауысты

Бүгін, 11:01 / Alashorda
Астанада кейбір мекемелер 7:30-дан бастап жұмыс істейтін болды

Астанада бүгіннен бастап бкейбір мекемелер жаңа жұмыс кестесі бойынша жұмыс істеуге көшті, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Қала әкімдігі мәліметінше, бұл шешім жолда кептелісті азайту мақсатында қабылданып отыр.

"Қалалық коммуналдық қызметтердің жұмыс күні таңғы 7:30-да, Астана әкімдігінің қызметі де 7:30-да басталады, ал кейбір мемлекеттік органдар мен жартылай мемлекеттік компаниялар жұмысты 7:30-8:00 аралығында бастайды. Жұмыс уақытының аяқталуы да сәйкесінше өзгереді", - деп жазылған хабарламада.

Әкімдіктің мәліметінше, жеке сектор, бизнес, мектептер, балабақшалар, ауруханалар, емханалар, ХҚКО және басқа әлеуметтік нысандардың жұмыс кестесі өзгермейді.