“Ататүрік белсіз болатын, себебі оған ауыр жыныстық дерт жұққан еді”

28 қыркүйек, 2025 / Alashorda

Facebook әлеуметтік желісіндегі Діни жаңалықтар аккаунтында Ататүрікке байлайланысты жағымсыз жазба жарияланды, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.


***

Әне бір суретте – Мұстафа Кемал Ататүрік шарап ішіп отырған сәті бейнеленген. Ол ашық түрде арақ-шарапқа берілген адам болатын. Тіпті өзінің арақ зауытын ашып, соның тұсаукесерін де өзі жасаған. Оның алдында сыртқы істер министрі Тофиқ Рүшди тұрған, ол түріктерге доңыз етін жеуді насихаттап жүретін.

Ағылшын тарихшысы Армстронг «Сұр қасқыр» («The Grey Wolf») атты еңбегінде Ататүріктің әдепсіз сөздерге, арам ойларға, ойын-сауық пен бұзақы түндерге берілгенін жазады. Ол Румыния астанасында әскери атташе болып жүрген кезінде-ақ, түн бойы арақ ішіп, азғындыққа берілген. Халифат құлатылып, билікке келген соң, өз резиденциясының терезелерінен перделерді алдырып тастаған, жұрт оны шарап ішіп отырған күйінде көрсін деп.

Ататүрік ірі саудагерлер мен жоғары шенеуніктердің әйелдерімен көңіл көтеріп, олардың қалауларын орындау арқылы өзіне жақын тартатын. Оның ішінде сыртқы істер министрі Тофиқ Рүшди де бар еді. Ол Анкарада тұрған үйін Ататүріктің ойнас ордасына айналдырып қойған. Тіпті дипломатиялық әдептен де аттап, Франция елшісінің қызын қайта-қайта мазалап отырған. Көп жағдайда қыздар мектебіне барып, сұлу оқушыларды таңдап алып, күштеп қасына алып кететін, түнін олармен өткізіп, кейін тастап кететін.

Бір күні президент болып тұрған кезінде, түн ортасында «Дарулмуаллимат» атты мектепке барып, бұрыннан көзі түскен бір қызды күштеп әкеткен. Бұл оқиға парламентте үлкен шу туғызды. Бірақ ол даудың бетін жабу үшін әлгі қызды өз жақтасының біріне үйлендіріп, кейін оған мансап та берді.

Ататүріктің бүкіл ғұмырында баласы болмады. Ол бедеу болатын, себебі оған ауыр жыныстық дерт жұққан еді. Сол ауруды ол зайыбы Латифаға да беріп, ақыр соңында ол одан ажырасып кетті. Латифа көп құпиясын әшкереледі, тіпті Ататүріктің өз туған қарындасына да қол салмақ болғанын айтты.

Мұстафа Кемал Ататүрік ислам мен мұсылмандарға яһуди мен насарадан да артық өшпенділік көрсетті. Түркияға ол жау әскерлері жасай алмағанды жасатты: халықты мәжбүрлеп дінсіздікке бұрып. Бұл диктатор зұлымдық пен қатыгездіктің, өзімшілдіктің ерекше үлгісі болды.

Жаңа республика құрылған соң, халықтың санасын улап, «кемалшыл» терроршылар жаңа буын өсірді. Олар дінсіз, Батысқа ғашық, өздерінің Осман тарихын жек көретін, исламнан қол үзген ұрпақ еді. Ал Ататүрікті «құтқарушы қаһарман» етіп дәріптеді, сірә, онсыз түрік мемлекеті болмағандай етіп көрсетті.

Медицина деректеріне қарағанда, өмірінің соңында Мұстафа Кемал Ататүрік бауырдың циррозы дертіне шалдығып, бұл үздіксіз арақ ішуінің салдары болатын. Оның іші суға толып, дәрігерлер ине арқылы тартып отыратын. Мұрнынан қан тоқтамайтын, аяқтары ісіп кеткен, әл-қуаты сарқылған, қолын да көтере алмай қалған. Әр күн өткен сайын әлсіреп, қу сүйекке айналды. Қайтыс боларында салмағы небәрі 48 келі болған. Ес-түсінен айырылып, ұсақ нәрсеге ашуланып, қасындағы түріктер оның ауру үстінде қандай қинап жатқанын айтып жүрді. Көп жағдайда сарайдан оның жан түршігерлік айқайы естілетін. Айтуларынша, соңғы демі шығар сәтте оның аузынан қорқынышты айқай шығып, аузы үрейлі түрде ашылып кеткен.

P.S. Ататүрікті айыптап жазылған бұл материал негізсіз болуы мүмін. Сол себепті алдағы уақытта ұлты тұлғаның өмірбаянын зерттеген азаматтан арнайы сұхбат ұйымдастырамыз.

Ататүрік ислам діні түркия