Атыраудағы екі зейнеткердің өлімі: күдіктінің аты-жөні белгілі болды

9 қаңтар, 2026 / Alashorda
Фото: qamqor.gov.kz

 Атырау облысында отбасы мүшелерін өлтірді деген күдікке ілінген марқұмдардың күйеу баласы Сұлтан Сарсемалиев екені ресми түрде белгілі болды, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланған іздестіру картасына сәйкес, Сарсемалиев Сұлтан Самиғоллаұлы 1996 жылыы 24 сәуірде туған, Қазақстан Республикасының азаматы.

Ол Атырау облысы бойынша 2026 жылдың 8 қаңтарынан бастап іздеуде жүр.

Атырау облысы Сұлтан Сарсемалиев Құқықтық статистика