Ауғанстанда аштық қаупі күшейіп келеді – 17 млн адамға қауіп төніп тұр

Бүгін, 02:03 / Alashorda
pexel.com

БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы (WFP) дабыл қағуда: Ауғанстандағы көптеген отбасылар бірнеше күн бойы тамақсыз отыр, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі DW-ге сілтеме жасап.

Ауғанстан гуманитарлық апатқа жақындап келеді. Биыл қыста 17 миллионнан астам адам аштықтан көз жұмуы мүмкін.

— Біздің мамандар көптеген отбасылар бірнеше күн бойы тамақ ішпей, аман қалу үшін шектен тыс шараларға жүгініп жатқанын бақылап отыр. Балалар арасындағы өлім-жітім өсуде. Алдағы айларда жағдай одан әрі нашарлауы ықтимал, — деді БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының Ауғанстандағы директоры Джон Эйлифф.

Ел экономикалық дағдарыс, құрғақшылық пен жер сілкіністерінің ауыр зардаптарынан зардап шегуде. Бұған дейін де азық-түлік қоры жеткіліксіз болатын, енді оған көрші елдерден жаппай депортацияланған миллиондаған ауған босқындарының қайтарылуы қосылды. Олардың көпшілігі әлсіреген, қолында ештеңе жоқ Сонымен бірге гуманитарлық көмек көлемі қысқарып барады.

соғыс Ауғанстан әлем жаңалықтары аштық