Ахмет Байтұрсынұлының суреті табылды (ФОТО)

Бүгін, 12:56 / Alashorda
Ашық дереккөз

Алаштанушы Қайырбек Кемеңгерұлы ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған суретін тапты, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Алаштанушының айтуынша, бұл Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының татар зиялыларымен Қазан қаласында түскен суреті.

“Көрнекті қайраткер Татарстан астанасына 1927 жылдың күз айында араб жазуын реформалау жөніндегі комисмия мүшесі ретінде барған екен. Құнды жәдігер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан Жазушылар одағының «ТМД елдерінің архивтеріндегі қазақстандық жазушылардың зерттеу жұмыстары» жобасы аясында жүргізілген ізденіс кезінде табылды. Қазандағы музей қызметкері Гүлназ Жиһангирова сурет табылған кезде мынадай ақпарат берді. Тарихи сурет туралы мақаланы “Егемен Қазақстан” газетінің бүгінгі нөмірінен оқи аласыздар деп жазды ол.

Ахмет Байтұрсынұлы Қайырбек Кемеңгер Ұлт ұстазы