Бас прокуратура Қайрат Қожамжаров ісіне қатысты пікір білдірді

25 қыркүйек, 2025 / Alashorda
kapital.kz

Бас прокуратура Қайрат Қожамжаров ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Ғалымжан Қойгелдиев Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) бұрынғы төрағасы Қайрат Қожамжаровқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатқанын растады. 

"Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, қазіргі уақытта дәлелдемелік база жинақталып жатыр. Қалғанының бәрі процессте жария етіледі", — деді бас прокурордың орынбасары.