Бауыржан Артықов лауазымынан босатылды

Бүгін, 09:32 / Alashorda
Фото: СЦК

Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Артықов «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

1973 жылы 4 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Самсоновка ауылында туған.

1991 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының № 24 орта мектебін тәмамдады.

1) 1993 жылы – ҚР ҚК кіші офицерлері курсы (Мотоатқыштар әскерлерінің офицері);

2) 1994 жылы – Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесі;

3) 2006 жылы – «Қайнар» университеті (Педагогика және психология);

2008 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті (Әскери және әкімшілік басқару);

4) 2019 жылы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті (Әскери істегі стратегиялық менеджмент).

Мансап
1991 жылдан 1993 жылға дейін мерзімді әскери қызмет атқарды.

Взвод командирінен бастап Десанттық - шабуылдау әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары-штаб бастығына дейінгі лауазымдарда әскери қызмет атқарды.

2023 жылдан 2024 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы Департаментінің бастығы болды.

Бауыржан Артықов «Батыс» өңірлік қолбасшылығы