Бейжіңнің үнсіздігі: Иран тағдыры және Қытайдың шынайы мүддесі

Бүгін, 17:03 / Alashorda
Сурет Ашық дереккөзден алынды

Бейжіңнің үнсіздігі: Иран тағдыры және Қытайдың шынайы мүддесі

2026 жылдың 28 ақпаны әлемдік саясатта «джунгли заңы» қайта салтанат құрған күн ретінде тарихта қалары анық. АҚШ пен Израильдің Иран аумағына бағытталған «Қаһар» операциясы (Operation Fury)  халықаралық құқық нормаларын тас-талқан етті. Алайда бұл қақтығыста Теһеранның ең жақын стратегиялық серіктесі саналатын Қытайдың ұстанған позициясы көптеген сұрақтар туғызып отыр  https://www.aljazeera.com/opinions/2026/3/19/chinas-silence-on-iran-reveals-its-true-priorities.

Достықтан гөрі мүдде жоғары

Иран билігі соққылардан есеңгіреп, Жоғарғы көсем Әли Хаменеи бастаған бірнеше лауазымды тұлғасынан айырылған сыни сәтте Бейжіңнен нақты көмек күткен еді. Бірақ Қытай СІМ ресми өкілі Мао Нин тек ирандық журналистердің наразылығынан кейін ғана шабуылды «еріксіз» айыптағандай болды. Ван И мырзаның «күштінікі әрқашан дұрыс емес» деген мақалы жарияланғанымен, Бейжің Уашингтон мен Тель-Авивті «агрессор» деп тікелей атаудан қашқақтады.

Бұл жағдай бір ақиқаттың бетін ашты: Қытай үшін Иран — БРИКС немесе «Бір белдеу, бір жол» жобасындағы маңызды серіктес болғанымен, оның тағдыры Қытайдың өз амбицияларынан жоғары емес.

Тайвань мәселесі — басты «сауда» нысаны

Сарапшылардың пікірінше, Қытайдың бұл салқынқандылығының артында АҚШ-пен жасалған құпия мәміле тұруы мүмкін. Ақпан айында Си Цзиньпин мен Дональд Трамп арасында өткен телефон арқылы сөйлесу кезінде басты назар Иранға емес, Тайваньға аударылды https://www.aljazeera.com/opinions/2026/3/19/chinas-silence-on-iran-reveals-its-true-priorities.

Трамп әкімшілігі Тайваньға жоспарланған миллиардтаған долларлық қару-жарақ саудасын кейінге шегерді. Бұған жауап ретінде Бейжің Иранға әскери көмек бермеу арқылы Вашингтонның Таяу Шығыстағы әрекетіне көз жұмған сыңайлы. Қытай үшін Тайваньның «бүлікші провинция» мәртебесін сақтау және АҚШ-пен сауда соғысын болдырмау Иранның режимін сақтап қалудан әлдеқайда маңыздырақ болып шықты.

Экономикалық есеп: Иран кімге тәуелді болмақ?

Тіпті Иран Ормуз бұғазын жауып, Қытайға келетін мұнайдың 40%-ына қауіп төндіргенде де, Пекин тек «келіссөзге келуге» шақырумен шектелді. Бұл Қытайдың энергетикалық қорының жеткілікті екенін және кез келген Иран үкіметімен (мейлі ол про-америкалық болса да) тіл табыса алатынына сенімді екенін көрсетеді.

Ерік Қайратбекұлы Құнанбай қажы атындағы «Алаш аудармашылар одағы» Қоғамдық Қорының төрағасы, тәуелсіз саясаттанушы:

Егер Иранда билік ауысса, жаңа үкiмет бәрiбiр мұнай мен газын сату үшін Қытайға келеді. Тіпті санкциялардың алынуы Қытай инвестициясының Иранға кедергісіз құйылуына жол ашуы мүмкін.

Бейжіңнің бұл әрекеті «ұлы держава» имиджіне нұқсан келтіруі мүмкін, бірақ ол Қытай дипломатиясының мейлінше прагматикалық екенін дәлелдеді. Қытай өз серіктесін «шығын материалы» ретінде қалдырып, өз шекарасындағы тыныштықты сатып алғандай. Бұл — қазіргі әлемде әділдік емес, тек мүдде мен күш қана басымдыққа ие екенінің кезекті айғағы.