Танымал әнші Жазира Байырбекова Алматының кептілісін азайтуға қатысты ұсынысы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.
Өнер иесі кептелісті азайтудың жолын айтып, жеке парақшасында жазба жариялады.
“Қайран кептеліссіз уақыт?! Алматының кептелісін қалай шешеміз, халқым?!
Менің нұсқам: Барлық оқу орындарын Қонаев, Қаскелен, Талғар, Есік қалаларына көшіру вариантын ұсынар едім. Сіздің нұсқаңыз ше?, – деп жазды әнші.
Алматы кептелісі: 15 қыркүйектен бастап мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақыты өзгеріп, қашықтан жұмыс істейді
"Қашықтан жұмыс істеп, сабақты ерте бастау": Депутаттар Алматыдағы кептеліс мәселесін шешуді ұсынды
Алайда эстрада жұлдызының ұсынысы оқырмандарына жақпай қалды.
“2000 жылдан ескі көліктерді қалаға кіргізбесе, сәл де болсын азаяр еді”, “Сонда тек тойханаларды қалдыру керек пе?!”, “Студенттердің ол жаққа қалай жететінін ойладың ба?!”, “Студенттің не кінәсі бар барлық студент жеке көлігімен жүрген жоқ қой. Пәтер жалдап зорға жүр өздері”, “Алматы жастарымен қызық”, “Ең дұрысы өзіңіз көшіп кетіңіз адамы аз кішкентай қалашыққа, сонда кептелістен құтыласыз”, “Жазира өз басын ғана ойлап отыр”, “Студенттерді айдалаға көшіруден мәселе шешілмейді”, – деп жазды көпшілік.