Бірыңғай QR-төлемдер жүйесінің іске қосылатын күні айтылды

Бүгін, 11:34 / Alashorda
Фото: ЖИ

Қазақстандықтар 19 шілдеден бастап тауарлар мен қызметтердің ақысын төлеу үшін бірыңғай QR кодын пайдалана алады, Бұл туралы Тимур Сүлейменов 18 маусым күні Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты пленарлық отырысында хабарлады, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Бұған дейін 19 шілдеден бастап күшіне енетін заң нормаларына сәйкес, барлық банктердің осы жүйеге қатысуы міндетті болатыны хабарланған еді.

Айта кетейік, сәуірде бірыңғай банкаралық QR-код жүйесіне Қазақстандағы барлық банк қосылғаны белгілі болды. Маусымда реттеуші орган қатысушылармен бірлесіп барлық техникалық жұмысты аяқтауды жоспарлаған.

Қолма-қол ақшасыз төлемдерге арналған бірыңғай QR-код жүйесі 2025 жылдың қарашасында іске қосылған болатын. Ұлттық банк QR-төлемдерді жүзеге асыру үшін банкаралық өзара әрекеттесуді мобильді төлемдердің банкаралық жүйесі негізінде ұйымдастырады.

Жүйе әртүрлі банктің клиенттері арасында телефон нөмірі арқылы ақша аударуға және QR-код арқылы сатып алулардың ақысын төлеуге мүмкіндік береді.

Тимур Сүлейменов Сенат QR код Банк Төлем