Англияның Ливерпуль қаласында өткен бокстан әлем чемпионатында жоғары деңгейде өнер көрсеткен Қазақстан ұлттық құрамасы елге оралды, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.
Ерлер құрамасын Астана қаласындағы халықаралық әуежайдан, ал әйелдер құрамасын Алматы қаласыннан жанкүйерлер, спортшылардың ата-аналары, туыстары мен достары ерекше ықыласпен қарсы алды.
Айта кетейік, аталған жаһандық додада Қазақстан құрамасы керемет нәтижеге қол жеткізді. Отандастарымыз 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте үздіктер қатарынан көрінді.