Денесін анасы тауып алған: Таразда 9-сынып оқушысы өзіне қол жұмсады

24 қыркүйек, 2025 / Alashorda

Таразда тағы бір оқушы өзіне қол жұмсап, мерт болды. Оның денесін алғаш болып анасы көрген, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Қайғылы оқиға кеше, 23 қыркүйек күні болды. Анасы қызын сарайда асылып тұрған күйі тапқан. Марқұмның 9-сынып оқушысы екені белгілі болды. Қайғылы жағдайдың себебі әзірге белгісіз. Ол ешқандай есепте болмаған, сабақ үлгерімі де жақсы болған көрінеді. 

Полиция «өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.