Дональд Трамп: Иранмен келіссөздер жүріп жатыр

Бүгін, 10:53 / Alashorda
Сурет Ашық дереккөзден алынды

Дональд Трамп: Иранмен келіссөздер жүріп жатыр
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен құпия келіссөздер жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Уашингтон «керекті адамдармен» байланыс орнатып, қақтығысты тоқтатуға бағытталған мәмілеге қол жеткізуге ұмтылып отыр https://www.svoboda.org/a/tramp-my-vedyom-peregovory-s-nuzhnymi-lyudjmi-v-irane/33714655.html.
Ақ үйдегі баспасөз мәслихатында сөйлеген Трамп Иран тарапының келісімге аса мүдделі екенін ерекше атап өтті. «Біз қажет адамдармен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Олар келісім жасауға өте-мөте қалайды, сіздер тіпті олардың қаншалықты ынталы екенін көз алдарыңызға елестете алмайсыздар», – деді АҚШ басшысы.
Президенттің айтуынша, Иран энергетика саласында ірі жеңілдікке барған. Бұл қадамды Трамп «өте маңызды әрі құнды сый» деп бағалады. Оның пікірінше, бұл келісім ядролық мәселеге емес, мұнай-газ секторына қатысты. Сарапшылар мұны Ормуз бұғазы төңірегіндегі жағдаймен байланыстырады. Аталған бұғаз – Парсы шығанағынан әлемдік нарыққа мұнай тасымалдайтын негізгі бағыттардың бірі ьолып табылады.
Бұған дейін Иран АҚШ пен Израильдің әскери операциясынан кейін Ормуз бұғазын іс жүзінде жауып тастаған еді. Енді Уашингтон мен Теһеран арасындағы байланыс қайта жанданып, келіссөздер жаңа кезеңге өткен сияқты.
Ерік Қайратбекұлы Құнанбай қажы атындағы «Алаш аудармашылар одағы» Қоғамдық Қорының төрағасы, тәуелсіз саясаттанушы:
Reuters агенттігінің хабарлауынша, Трамп келіссөздердің нақты уақыты мен форматы туралы толық мәлімет бермеген. Дегенмен АҚШ-тың арнайы өкілдері – Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер алдағы уақытта келіссөздерге қатысуы мүмкін. Сонымен қатар, Пәкістан тарапы бұл диалогты өз аумағында өткізуге дайын екенін білдірді.
Израильдік Ynet басылымының мәліметінше, тараптар арасындағы келіссөздер жасырын арналар арқылы басталған екен. Бұған Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арагчи мен Уиткофф арасындағы телефон әңгімесі түрткі болды. Құпия байланыс арнасы соғыс басталғаннан кейін төртінші күні-ақ іске қосылғанымен, ұзақ уақыт нақты нәтиже бермегені белгілі.
Айта кетейік, 23 наурыз күні Трамп Тегеранмен «өте жақсы әрі нәтижелі» келіссөздер өткенін айтып, Иранның энергетикалық инфрақұрылымына соққы беруді бес күнге кейінге шегеру туралы шешім қабылдаған болатын. Алайда ресми Теһеран бұл келіссөздердің болғанын жоққа шығарып отыр.